Экология

Созақта жергілікті су қоймасына 60 мың сазан жіберілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қолға алынды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область 19 Сәуір, 16:12

«Созақ балық өнімдері» кооперативі Құмкент ауыл округіндегі Қызылкөл көліне 30 мың сазан шабақтарын жіберді. Мұнан бөлек, Аққолтық елді мекеніндегі Үштөбе су қоймасына жеке кәсіпкер  Ж.Нұрпейсова 30 мың дана сазан шабақтарын салды.Шабақтар Тараз қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.  Кәсіпкер  балықтардың күтіп- баптауына ерекше көңіл бөліп, жіті қадағалауда болатынын айтады. «KAZ.GOLD.FISH» директоры Дінмұхаммед Қожахметтің айтуынша,  алдағы аптада аудандағы 8 шағын көлді балықтандыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тоннаға дейін  балық өңделеді.





Яндекс.Метрика