Басқару

Аға буын мен жас ұрпақтың салиқалы сұхбаттары рухани жаңғырудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік береді – А. Нүкенов

Астананың белсенді жастары мен жастар ұйымдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.
Астана қаласы19 Сәуір , 15:49

 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – мақалада айтылған тұжырымдамалардың нақты іске асыруда бастамаларды талқылау, жүзеге асырудың ұтымды жолдарын іздестіру.

Ведомствода атап өткендей, шара барысында Елбасының ой толғауы, рухани жаңғыру жөніндегі ұсыныстары бірінші кезекте жас ұрпаққа арналғаны туралы айтылды.

Кездесу барысында аға буын өкілдері жастармен мақаланың тарихи маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, қатысушылардың пайымдауынша, мақалада қойылған жаңа міндеттер жастар тарапынан жаңа, тың бастамаларға негіз болады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов осындай аға буын мен жас ұрпақтың салиқалы сұхбаттары рухани жаңғырудың маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік беретінін, буынаралық сабастықты жалғастыру қажеттігін айта келе, мұндай шараларды барлық оқу орындарында өткізіп, жастарды өз болашақтарының иесі ретінде Елбасы макаласындағы идеяларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ұлттық кодымыздың ертеңгі аға буын, зиялы қауым өкілдерінде сақталуының бір кепілі ретінде университеттер мен институттарда, колледждерде Ұлттық құндылықтар мектебінің жұмысын ұйымдастырған жөн. Вице-министр бұл мектеп жаһан жаңалықтарының жағымдысын инеге іліп, ел ерекшеліктерінің игілерін, ұлттық мұрат-мақсаттарды жас адамның бойына терең сіңіруге қызмет атқаруы абзал екенін тілге тиек етті. 




Яндекс.Метрика