Халықаралық интеграция

Астанада «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық акция басталды

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында «Есірткісіз әлем үшін» халықаралық есірткіге қарсы акция басталды. Халықаралық акцияны ұйымдастыру бастамасын Қазақстан бастаған болатын, ол туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте 2016 жылдың маусымында өткен Мемлекет басшылары ұйымы кеңесінің отырысында айтқан болатын.
Астана қаласы19 Сәуір , 12:28

Қазақстанның барлық өңірлерінде  акция аясында ауқымды іс-шаралар өтуде.

Акцияға  елордада  400-ден астам адам қатысты.

Акция аясында ЖОО студенттерінің, колледждер мен мектеп оқушыларының қатысуымен бірқатар шаралар өтеді. Бұл шараларға ІІМ басшылығы, ШЫҰ бас хатшысы Р. Алимов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері  қатысты.

«Есірткі бизнесі  барша әлемге жаһандық сын тастады,  алайда біз онымен барынша күресеміз. Есірткі бизнесі – ұйымдастырушылық қызметтің  басты істерінің  бірі,   халықаралық лаңкестік үшін де өте қауіпті.   Сондықтан да, есірткі біздің ортақ жауымыз», - деді ШЫҰ  бас хатшысы.

Рашид Алимовтың айтуынша,  Шанхай ұйымы  БҰҰ  есірткімен күрес саласында ынтымақтасады.

«БҰҰ – ШЫҰ-ның негізгі  серіктесі.  Есірткімен заңсыз айналысу -  Шанхай  ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі.  ШЫҰ  құрамындағы барлық елдер  есірткі  қаупін  жоюды тәжірибеге енгізіп жатыр», - деді Р.Алимов.

Бас хатшы  шараларды бірлесе қабылдап,  мектеп  және университет  жүйелері бойынша есірткімен күреске қатысты белсенді шаралар жүргізу қажет екендігін жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш акцияны қазақстандық  әншілер мен актерлер, споршылар қолдады.

Осы сынды акциялар Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан , Ресей және Тәжікстанда да өтнді.

Ақбота Күзекбай      




Яндекс.Метрика