Халықаралық интеграция

Румыния Парламенті Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді ратификациялады

Бухарест қаласында Румыниядағы Қазақстан елшісі Дәулет Батрашев пен Румыния Парламенті Сенатының халықаралық істер комитетінің төрағасы Кристиан Думитреск кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 19 Сәуір, 14:32

Тараптар екіжақты қазақстандық-румыниялық қарым-қатынасты және бірінші кезекте парламентаралық дипломатияны нығайту мәселелерін талқылады.  Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 15 шілдеде   25 жыл толады.

Келіссөздерге Парламенттің депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордаке мен Румыния Сенатының шетелдік парламентариймен ынтымақтастық орнату бойынша бас директоры Кристиан Бузя қатысты.

Қазақстандық дипломат  румыниялық парламентарийлерді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауымен және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысымен таныстырды.

Өз кезегінде, румыниялық тарап ағымдағы жылдың 10 сәуірінде  Румыния Парламенті 2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту туралы келісімді ратификациялағанын жеткізді.

К. Думитресктің пайымынша, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы жаңа базалық келісім сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестіктің жаңа қырларын ашады және саяси диологтың одар ары дамуына оң ықпал етеді.





Яндекс.Метрика