Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астананың жаңа теміржол вокзалынан қосымша бағдарлар ашылмақ

Астана қаласының жаңа теміржол вокзалы арқылы жүретін пойыздардың тізбесі бекітілді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
Астана қаласы19 Сәуір , 13:48

«Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсететін болады. Оның ішінде 22 - «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16 – стандартты және 16 – қала маңы пойызы», - делінген хабарламада.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан келесі бағдарлар бойынша қосымша пойыздар жүретін болады:

Астана – Маңғышлақ;

Астана – Атырау;

Астана – Шымкент;

Астана – Қостанай;

Маңғышлақ – Астана;

Тараз (Жамбыл) – Астана;

Орал – Астана;

Қарағанды – Астана.

Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық көлік бағдарын, сондай-ақ жаңа вокзалға дейінгі экспресс-бағдарларды ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

Толық ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметтеріне немесе 105 нөмірі арқылы бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет. 




Яндекс.Метрика