Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Электрондық портал арқылы 11,5 млн-нан астам тегін рецепт берілді

2016 жылы «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі электрондық порталының көмегімен 11,5 млн-нан астам дәрілік затт алу үшін тегін рецепт берілді, деп хабарлады ҚР ДСДРО Баспасөз қызметі.
Казахстан19 Сәуір , 10:54

ДҚАЖ – дәрігердің жеке коды арқылы пациентке берілетін электронды үлгідегі рецептілер порталы. Ол ТМККК шеңберінде бекітілген тізбеге сәйкес, амбулаторлық жағдайда тегін демалыс алушы азаматтардың дәрі-дәрмекті қолдану деңгейін сараптауға, талдау жүргізуге жағдай жасайды.

Аталған порталды пайдалану дәрігердің орнында отырып, рецепт  жазуға мүмкіндік береді, амбулаторлық көмек көрсететін және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріханалар мен медициналық мекемелердің өзара байланысын жеңілдетеді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың толық тізімімен Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы сайтынан (www.druginfo.kz)  танысуға болады.  

Еске сала кетейік, ДҚАЖ электронды порталы 2014 жылдан бері бүкіл Қазақстан бойынша іске қосылған.ДҚАЖ қолдану халықты дәрімен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін ашық түрде басқаруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика