АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ОҚО-ның түлкібастық шаруалары африка сомын өсіруде

Оңтүстік Қазақстан облысының түлкібастық шаруалары африкалық сомды бұлақ суында өсіріп жатыр.
Южно-Казахстанская область19 Сәуір , 09:58

Жалпы Түлкібас ауданында бұрындары теңіздің ащы суында өсетін бекіре мен форель балықтарын өсірсе, енді міне африкалық сом өсіруді қолға алып отыр. ОҚО әкімдігінің мәліметі бойынша арнайы бассейіндерде мекен етіп жатқан балық Ресейден әкелінген. Бүгінде 100 мыңға жуық шабағы  бар шаруашылықта балықтарға  қолайлы жағдай жасалған.

Атап айтар болсақ, оларға арнайы жем дайындалып, қоректенділеді. Сонымен қатар, судың температурасын бірқалыпты сақтау үшін бассейіндерге арнайы жылу жүйесі орнатылған. Арнайы күтіп бапталып өсірілген бір балықтың өзі 120 келіге дейін ет береді.

Жерсінбей өсіп келе жатқан африкалық сом Төле би ауданы мен Түркістан, Шымкент қаласының тұрғындары арасында үлкен  сұранысқа ие.

«Шаруашылықтың негізгі мақсаты  шабақтарды қолдан көбейтіп, облыс халқын  ерекше балық етімен қамтамасыз ету. Алдағы уақытта шаруашылық мемлекеттен берілетін несиеге қол жеткізіп, шаруашылық жұмысын ары қарай дамытуды жоспарлап отыр», - деп әкімдіктен атап өтті. 




Яндекс.Метрика