Халықаралық интеграция

Қазақстан Грекиямен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан Грекиямен инвестициялық және сауда ынтымақтастығын арттыруда, бұл туралы ҚР-ның Грекиядағы елшісі Алексей Волков Грекиямен екіжақты қарым-қатынастардың жағайы мен даму перспективаларына арналған брифинг барысында хабарлады.
Астана қаласы18 Сәуір , 19:51

2017 жылы Астана және Афины дипломатиялық байланыстар орнауының 25 жылдығын атап өтеді. Осыған орай, Қазақстанның Грекиядағы елшілігі бірқатар саяси, экономикалық және мәдени іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы айта келе, А. Волков екі ел арасындағы инвестициялық және сауда ынтымақтастығын арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті. Бұдан бөлек, жоғары деңгейдегі саяси және іскерлік байланыстарды дамыту бойынша да жұмыс жүргізілуде.

«Грекиялық тарап өз аумағы арқылы Батыс Еуропаға каспий энергия ресурстарын тасымалдауға және өзінің мұнай өңдеуші кәсіпорындарының қуаттылықтарын пайдалануға мүдделі», – деп атап өтті А. Волков.

Елшінің айтуынша, заманауи бәсекелі экономикалық жағдайларда байланыстарды анағұрлым жоғары деңгейге шығару үшін Елшіліктен қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Грекия нарығында белсенді түрде ілгерілету талап етіледі. 

Грекия басшылығының Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы елдер арасында мұндай ынтымақтастықтың дамуындағы маңызды оқиға болуы тиіс, онда олар халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес энергетика инфрақұрылымының нақты мысалдарын ұсынбақ.

Сондай-ақ, А. Волков саяси байланыстар мен экономикалық жобаларды дамытумен қатар Елшілік Грекияда тұрып жатқан біздің бұрынғы отандастарымызбен де тығыз байланыс жасайтынын айтты. 




Яндекс.Метрика