Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түрікменстан басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастың куәлігі ел Президенттері қол қойған стратегиялық әріптестік туралы құжат болды. Сондай-ақ, тату және серіктес көршіліктің дәлелі ретінде тағы бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Астана қаласы18 Сәуір , 18:03

«Екі ел арасында 50-ден астам  құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ, бүгін қазақстандық-түрікменстандық қарым-қатынастың тереңдеуіне бағытталған бірқатар келісімдер жүзеге асты. Оның ішінде  атап өтетін екі маңызды құжат: Стратегиялық әріптестік  туралы келісім және қазақ-түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт. Осылайша, Қазақстан мен Түрікменстан  шекараға қатысты барлық  мәселелерді шешкен  өңірдегі алғашқы екі ел болып отыр», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты  Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім айқындады.

«Стратегиялық әріптестік  туралы келісім  бауырлас қарым-қатынас тарихының жаңа парақшасын ашады. Демакрация туралы келісімге  қол қоя отырып, біз елдер арасындағы бауырластық пен достастықты  нығайта түсіп, аталмыш мәселенің  заңдық ресімделуін қамтамасыз еттік. Бүгінгі сапардың қорытындысы  өте нәтижелі әрі маңызды, әрі елдер арасындағы ынтымақтастыққа  жаңа серпін береді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердімұхамедовпен  Ақордада кездесу өткізді.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика