Парламент

Сенатта көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгертулер енгізу қарастырылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы теңізге мұнай өнімдерінің қалдықтарын тастамау және Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Экологиялық кодекске өзгертулер енгізуді қарастырады. Заңды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында таныстырды.
Астана қаласы 18 Сәуір, 17:27

Заң жобасының мақсаты көліктегі мемлекеттік бақылаудың, оның ішінде теміржол жолаушылар көлігін шекаралық, кедендік және өзге де түрлі бақылаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ кірме жолдарды пайдаланушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, еліміздің су көлігін және сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту болып табылады. 

«Танкерлердің барлығында  екі түп болуы керек.  Яғни, заң қабылданған соң басқа танкерлер Каспий портына өткізілмейді. Қызметтегі  редакция қосылған сулардың қалдығын болдырмауды қарастырып жатыр. Бұл тізім кеңейетін болады», - деді Әсет Асаубаев.

Оның айтуынша,  заң жобасымен өз өнімін тасымалдау үшін кірме жолдарды пайдаланатын субъектілердің қызметін ұйымдастырудың тиімді тетігін жасау, кірме жолдарда көрсетілетін қызметтерді заңнамалық түрде белгілеу, сондай-ақ тасымалдау процесіне қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды заңға тәуелді деңгейде регламенттеу ұсынылады. 
«Сондай-ақ, трамвайлардың  жұмысын  қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі.  Оларға сәйкес бақылау орнату үшін, көліктік бақылау арқылы   құзыретті органдар трамвай қозғалатын рейстер мен қозғалу  құрамын тексеру құқығына ие болады», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша,  заң жобасы әртараптандырылған  тариф бойынша өзгеріс енгізуді  қарастырады.

«Ол жүйелі жолаушылар тасымалына  қолданылатын болады. Ара-қашықтық,төлем түрі, бағыт пен тарифке байланысты әртараптандырылады. Бұл төлемнің электрондық нұсқасы енгізілген қалаларда жүзеге асырылады.  Бұл бір сағат көлемінде басқа автобусқа отырып, қосымша құнды төлемей соңғы пунктке жетуді қамтамасыз етеді», - деді спикер.

Заңда «қоғамдық көлік» түсінігі енеді.

«Бізде бірқатар қалаларда бас-лейн енгізіледі, қоғамдық көлік үшін арнайы жолақ бөлінеді. Ресми такси  тізіміне  өзгертулер енгізу ұсынылуда. Ол үшін қажетті  келісімдер арқылы өтініш тастау керек, содан кейін аталмыш жолақтарды пайдалана алады. Бұл такси тасымалдауының   заңды  нарығын дамытуға ынталандырады», - деді А.Асаубаев.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика