Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түрікменстан шекаралық проблемалары жоқ елдер болады - Назарбаев

Қазақстан мен Түрікменстан шекаралық проблемалары жоқ елдер болады, деп ағынан жарылды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Түркіменстан басшысы Гүрбангулы Бердімұхамедовпен ресми кездесу барысында.
Астана қаласы18 Сәуір , 17:15

«Түрікменстан Президентінің мемлекеттік сапары дипломатиялық қарым-қатынастың 25-жылдығымен тұспа-тұс келді. Ширек ғасырда қарым-қатынас өзара сенім мен қолдауға негізделді. Достығымыз бен егемендігіміздің 25-жылдығымен құттықтаймын. Түркіменстан маңызды серіктес және Қазақстанның аймақтағы сенімді одақтасы. Біздің халқымыз бауырлас, кеңпейіл көршілер», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті атап өткендей, сан ғасырлар бойы бізді тарихи тамырымыз, тіліміз бен дініміз біріктіріп келеді.

«Екі жақты қырларымыз транзиттік-көлік, энергетика және өзгеде әлеуеті зор салаларды дамытуда. Бүгін біз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы маңызды құжатқа қол қойып отырмыз. Осы келісім аясында біз дамудың жаңа деңгейіне шығамыз. Біз екі ел арасындағы барлық шекара мәселелерін шешудеміз. Бұл ешқандай шекаралық проблемалары болмайтын жалғыз екі мемлекет болатынын білдіреді», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика