Мәдениетті жаңғырту

Испандық этнографиялық музейде қазақ киіз үйінің ресми ашылуы өтті

Лас Вентас қаласында (Толедо провинциясы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен және Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің қолғабысымен қазақ ұлттық киіз үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы 18 Сәуір, 19:21

Орталық Азия көшпенділерінің дәстүрлі үйі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қорымен мемлекеттің мәдениеті мен имиджін шетелдерде жылжыту мақсатында  сыйға тартылды. Қолмен жасалған дәстүрлі ішкі жабдықтармен қамтамасыз етілген 8 қанатты киіз үйге қарауға Испаниядағы Орталық Азия елдерінің диаспорасы және мемлекеттің түпкірінен тұрғындар мен қонақтар  келді.

Музей директоры Кармен Арнау Муроның хабарлауынша, аталған экспонат Испаниядағы бірегей және Испания тұрғындары мен туристерін қазақ елінің бай тарихы және дәстүрлерімен танысуға  мүмкіндік  береді.

 Іс-шараға қатысқан қонақтар қазақ халқының кейбір ғұрыптарымен танысу мүмкіндігіне ие болып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, Қазақстаннан келген фольклорлы ансамблінің   концертін  тамашалады.

 

 





Яндекс.Метрика