Халықаралық интеграция

Түрікменстан Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі барлық идеяларын қолдайды

Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Президенті Н.Назарбаевқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, Түрікменстан Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі барлық идеяларын қолдайтындығын жеткізді.
Астана қаласы 18 Сәуір, 16:14

«Қазақстанға   мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңызға алғыс айтқым келеді. Бұл біз үшін өте үлкен маңызға ие, себебі ата-бабамыз орнатып кеткен іргетас – достық, мейірімділік, өзара сыйластықтан тұрады, қазіргі кезде де біз гуманизм мен  татулық  негізінде араласамыз. Біздің қарым-қатынас  халықаралық саясат, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық  салада қалыптасуда. Халықаралық  саясатқа келетін болсақ, біздің халықаралық аренадағы көзқарасымыз  өте ұқсас.  Ол- бұл өңірдегі ғана емес, барша әлемде орнаған бейбітшілік пен келісімді қалау.  Мәселен,   халықаралық құрылым мен БҰҰ, Еуропадағы достастық  ұйымдарында  ашық есік күндері саясатын жүргізіп жатырмыз», - деді Түрікменстан Президенті.  

Сондай-ақ, Г.Бердімұхамедов   Н.Назарбаевқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтып,  Түрікменстан Қазақстанның  2017-2018 жылдардағы  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі барлық идеяларын қолдайтындығын жеткізді.

«Осы сәтті пайдала отырып, сізге  қолдау көрсетіп қана қоймай, авторлас болғаныңыз үшін алғыс білдермін.  Енді  12 желтоқсанда  нейтралитеттің  халықаралық күнін атайтын боламыз,  біз Қазақстанның  2017-2018 жылдардағы  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі барлық идеяларын қолдаймыз. Бұл  бар әлемдегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім көрінісі.  ОА елдері үшін  біздің барлық бастамаларымыз бен идеяларымызға қолдау көрсететін   БҰҰ алдын алу дипломатиясы орталығының  рөлі де аз емес», - деді Түрікменстан басшысы.

Сондай-ақ, Түрікменстан Президенті елдер арасында  сауда-экономикалық сала оңтайлы қалыптасып келе жатқанын атады.

«Негізі, біздің сауда-экономикалық байланыстарымыз жаман емес. Қазіргі кезде әлем бойынша экономиканың тежелуі байқалады. Соған қарамастан, біздің қарым-қатынасымыз нығайып келеді. Осы орайда ғылыми-теxникалық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша үкіметаралық комиссияны құрғанымыз дұрыс болды. Енді, заман талабына сай осы комиссияны жаңартып, тиісті құжатты рәсімдеп жатқанымыз орынды», - деп атап көрсетті Бердімұxамедов.

Сондай-ақ, Түрікменстан Президенті  атап өткендей, Қазақстан мен Түрікменстанды тек екіжақты мәселе ғана емес,  энергетика (Турікменстан-Қазақстан-Өзбекстан-Қытай), транспорт (Қазақстан-Түрікменстан-Иран) салалары да біріктіреді.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика