Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда табиғи биологиялық қауіптерді мониторингілеу технологиясы әзірленуде

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-тың Ауыл шаруашылығы өндірісін ғарыштық мониторингілеу зертханасында Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің негізінде табиғи биологиялық қауіптерді мониторингілеу технологиясы құрылды.
Астана қаласы19 Сәуір , 08:43

Қазақстан Республикасының  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай,  мониторингілеудің мақсаты шегірткелер санының көбеюі және астық дақылдарда қауіпті зең ауруларының пайда болуы үшін қолайлы шарттары бар аумақтарды дер кезінде анықтау болып табылады.

Келіп түсіп жатқан ғарыштық деректердің жеделділігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы зиянкестер санын жерүсті бақылау қызметтеріне дер кезінде әрекет ету және күресу шараларын қолдану үшін ықтимал қауіпті аумақтардың орналасқан жерін анықтауға көмек беруіне мүмкіндік береді.

Осы жобаның қажеттілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен аурулары санының жоғарылығын туындатуға қолайлы жағдай жасайтын аумақтар туралы фитосанитарлық бақылау қызметтерін алдын ала ескертетін сұраныспен қамтиды.

Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығымен ғарыштық мониторингілеу нәтижелерін енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Шегірткелердің жаппай көбеюі кезеңінде (2017 жылдың сәуір-маусым айлары) жерүсті фитосанитарлық бақылау қызметі шегірткенің дамуына арналған қолайлы жағдайлары бар ауыл шаруашылығы аймақтарын көрсете отырып, картографиялық материалдармен қамтамасыз ететін болады.

Бұл бірлескен жұмыстың барысында алынған нәтижелер құрылған технологиялардың әсерін тәжiрибеде бағалауға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика