Басқару

Латын әліпбиіне көшу ұрпағымыз үшін өте маңызды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді жаңа қырынан танытуға баса көңіл бөлінген. Онда 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастау қажеттілігі айтылған, деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының бас менеджері Жандос Нұрғазинов.
Алматы18 Сәуір , 16:59

Мақалада «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» делінген.

Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім деп ойлаймын. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжып, дамыған елдердің қатарынан орын алуымызға зор мүмкіндік.

«Сонымен бірге, бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр. Бір сөзбен айтқанда, латын әліпбиіне көшу еліміз, ұрпағымыз үшін өте маңызды. Сондықтан бұл өте дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын», - деді Жандос Нұрғазинов. 




Яндекс.Метрика