EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне ОҚО-дан 4 мыңға жуық оқушы келеді

Оңтүстік Қазақстан облысынан еліміз үшін маңызы ерек жобаны тамашалауға 3 750 оқушы қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жас туристер станциясының директоры Сәуле Өмірбаева мәлім етті.
Южно-Казахстанская область18 Сәуір , 15:46

Оның айтуынша, облыстық білім басқармасы «ЭКСПО - 2017» көрмесіне мүмкіндігі шектеулі балалар, оқу озаттары мен олимпиада жеңімпаздарының қатысуын қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек,  жекелеген демеушілер де мектептерге өз тараптарынан билеттер ұсынып, елордаға саяхаттап қайту шараларын қолға алып жатыр.

Ал, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев көрмеге баратындар үшін 15 сәуірден бастап пойыз бен ұшаққа билеттердің сатылымға шыққанын мәлім етті.  Сонымен қатар, ол  15 пайызы ұшақпен бірқатары пойызбен жететінін айтып, олардың билеттері алдын-ала брондалып қойғанын және астана бағытына қарай жүретін пойыздарға қосымша вагондар тіркелетінін жеткізді.

 «Көрме кезінде әрі-бері жүріс үшін 16 750 орынды дайындап отырмыз. Сондай-ақ, Астана қаласына көрмеге қатысатындарды тасымалдау үшін қосымша 45 орындық 10 автобус және лицензиялары бар тұрақты емес 9 тасымалдаушы компания дайын»,- деді Мақсат Мырзабаев.

Жалпы бүгінде Оңтүстікте халықаралық мамандандырылған көрмені халық арасында кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар мен дайындық шаралары қызу жүруде.

Бұдан бөлек, көрмеге келетін қонақтарды облысқа тарту мақсатында арнайы туристік маршруттар әзірленіп, «ЭКСПО - 2017» көрмесі қонақтарына арналған ресми маршруттар тізіліміне енгізілген.




Яндекс.Метрика