Энергетика

Ұлан ауданында жел электр станциясы салынады

Шығыс Қазақстан облысын электр жарығымен Ұлан ауданында салынатын жел электр станциясы қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы ШҚО-ның Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Алмат Арсламбаев хабарлады.
Шығыс Қазақстан18 Сәуір , 17:48

Ұлан ауданы Тайынты ауылындағы жаңа жел электр станциясының қуаттылығы 24 МВт құрайды. Бұл өңірдегі электр энергиясына деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз еттеді.

«Айта кетсек, станцияның жоспары 2013 жылы жасалған. Барлық жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, инвестор да табылған. Дегенмен жоба басшысы мен инвестор электр қуатының бағасына келісе алмаушылығынан жобаның мерзімі де ұзартылды. Ендігі кезекте жаңа станция Ұлан ауданын толықтай электр қуатымен қамтамасыз етіп, қалған қуат республикалық жалпы желіге жіберілетін болады», – деді А. Арсламбаев.

Аталмыш жобамен қатар Зырянов ауданында қуаттылығы 24,9 МВт  Тұрғынсай СЭС құрылысы жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, 2016 жылы жасыл электр энергия өндірісінің үлесі 55 млн кВт/сағ құрады. 




Яндекс.Метрика