ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР Қарулы Күштерінде «Цифрлық армия» бағдарламасы әзірленуде

ҚР Қарулы Күштерінде «Цифрлық армия» бағдарламасы әзірленуде, деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы 18 Сәуір, 15:14

Қарулы Күштерде Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу бойынша әскер түрлері мен жеке құрамның күнделікті уақытын тиімді басқару үшін заманауи ақпараттық технологиялар мен интеграцияны пайдалана отырып «Цифрлық армия» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

«Цифрлық әскери білім мен ғылым» жобасын іске асыру әскери оқу мекемелерінің базасында ғылыми инновациялық қарқынының әрі қарай дамуына зор көмегі тисе, ал «Цифрлық әскери медицина» жобасы» болса әскери медициналық бөлімдер мен мекемелердің базасында әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін мүмкіндік береді», - деп ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында атап өтті.

Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсетудің стандарттарын халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұқсас енгізіп әзірлеу де маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі. Осы мақсатта Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп «Цифрлық армия» жобасы аясында жергілікті әскери басқару органдарында азаматтарға қызмет көрсету түрлерін автоматтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі  таңда үш мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін электрондық форматқа ауыстыру үшін арнайы іс-шаралар жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласында нақты тапсырмалар көрсетілген.

«Қорғаныс министрлігімен «Тұрғын үй қатынастары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу мақсатында әскери қызметшілер мен олардың отбасын тұрғын үймсен қамтамасыз ету механизмі іске қосылды», - деді ол. 





Яндекс.Метрика