ҚР Президентінің Жолдауы

Қарағандының 40 кәсіпорны қазақстандық қамту үлесін арттырумен айналысады

Қарағандыда отандық тауар өндірушілердің, тауар мен қызмет жеткізушілердің басын қосқан келелі отырыс өтті. Онда қазақстандық кәсіпорындар өзара іскерлік байланыс орнатып, ірі кәсіпорындардың қажеттіліктері туралы білді, деп хабарлады «NADLoC»АҚ.
Қарағанды 18 Сәуір, 12:31

Алқа мәжілісінде жүйені қалыптастыратын кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың тауар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу барысында жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесі талқыланды.

«Бүгінде «NADLoC» ұлттық агенттігі «Атамекен» ҰКП бірлесіп сырттан әкелінетін тауарлар тізімін жасақтады. Бұл тауарлар Қазақстанда өндірілмейді , алайда еліміздің бұл өнідіріс түрін игеруге қауқары жетерлік. Егер импортталатын тауарларды отандық аналогпен толығымен алмастыратын болсақ, 2021 жылы қазақстандық қамту үлесі 32,3%-ға жетеді, ал өсім 19,7% құрайды», - делінген хабарламада.

Аталмыш сұранысқа ие тауарлар тізіміне сүйене отырып олардың өндірісін бір жолға қоя алатын Қарағанды мен Қарағанды облысының 40-тан астам отандық кәсіпорны анықталды.  Бұл кәсіпорындар жаңа тауардың өндірісін іске қосып қана қоймай, желісінде арттыра алатын әлеуетке ие. 

Осы ретте, келелі отырыс қатысушылары Қарағанды мен Қарағанды облысындағы өндіріс ошақтарын аралады.





Яндекс.Метрика