АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Батыс Қазақстанда ІҚМ саны көбейді

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша ірі қара мал басының саны 550,7 мың басты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға жоғары, деп хабарлады статистика департаменті.
Батыс Қазақстан18 Сәуір , 18:51

2017 жылдың қаңтар-наурызында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі облыс бойынша 11053,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде 33,4 млн. теңге - өсімдік шаруашылығы өнімдері, 11016,1 млн. теңге - мал шаруашылығы өнімдері.

Облыстың барлық шаруашылық санаттары бойынша 2017 жылдың қаңтар-наурызында 15,2 мың тонна (2016 жылдың осындай кезең деңгейіне 102,2%) мал мен құс (тірі салмақта) союға өткізілген немесе шаруашылықта сойылған, 19,8 мың тонна (101,0%) сиыр сүті сауылған, 32,3 млн. дана (96,6%) тауық жұмыртқасы өндірілген. 

«Негізгі ет өндіруші болып Зеленов (ет өндірісі жалпы көлемінің 13,6%), Ақжайық (13,5%), Жаңақала (12,5%), Казталов (11,7%) аудандарының шаруашылықтары есептеледі. Сүт өнімінің қомақты көлемі Зеленов (сүт өндірісінің жалпы көлемінің 22,6%), Теректі (18,0%), Бөрлі (12,8%) аудандарының шаруашылықтарында өндірілген», - делінген  хабарламада.

Тауық жұмыртқасының өндірісі Орал қаласы маңындағы аумақтарда (облыс бойынша жалпы көлемнің 44,9%) және Зеленов (42,9%) ауданының шаруашылықтарында шоғырланған.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемінде жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлесі басымырақ. Бұл шаруашылық санаттары мал мен құсты союға өткізу көлемінің 58,6%, сүт өндірудің – 75,1%-ын иемденіп отыр.

 




Яндекс.Метрика