Басқару

Қарағанды әкімі Президент жүктеген тапсырмаларды тыңғылықты жүзеге асыруға шақырды

Қарағандыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды18 Сәуір , 12:13

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров  қарағандылықтарды Президент жүктеген тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерді жұмсауға шақырды.

«Бізге «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет»  жобасын жүзеге асыру  ұсынылды. Ол үшін  заманауи ақпараттандыру  әдістері, техникалық жетістік,  мультимедиялық құралдар қажет. Жастардың назарындағы дүние өзгелерді де қызықтырады», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, ұлттық мәдениеттің  үздік туындылары іріктеледі. Біздің мәдениетіміз  әлемнің  басты елдерінде талқыланады.

Әкім айтып өткендей, болашаққа мақсат қоя отырып,  оларды жүзеге асыруға кірісу керек. «Біздің алдымызда тұрған  мақсат біршама,  олардың барлығы  орындалады. Сондықтан да,  барлығын  Елбасы қойған мақсаттарды жүзеге асыруға  шақырамын», - деді әкім.

Қала активінің отырысына ардагерлер, тыл еңбеккерлері,  депутаттар, мемлекеттік мекемелердің жетекшілері,  ШОБ нысандары, қаланың коммуналдық қызмет өкілдері, саяси партия мүшелері мен мәдениет, білім беру  және денсаулық сақтау, үкіметтік емес  ұйым өкілдері және БАҚ қатысты.

 




Яндекс.Метрика