Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Биыл Петропавлда 17 мың көшет отырғызылады

Биыл Петропавлда 70 шақырымға созылған алаңға 17 500 түп көшет отырғызу жоспарланған, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан18 Сәуір , 11:12

Солтүстік Қазақстан облысында  ағаш отырғызу жоспары  бекітілді. Биыл  70 шақырымға созылған  17 500 түп көшет отырғызу жоспарланған.

«Қаланың барлық көшелерi қамтылатын болады. Сол сияқты «Береке» шағын  ауданында 1000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 17500 түп егетiн материал қазып алынды. Олардың 7500-i — қарағай, 2000-ы — терек, 2000-ы — алма ағашы, 2000-ы — шетен, 2000-ы — жөке, 3000-ы — қайың. 15 сәуiр — сенбi күнi 2000 көшет отырғызылды», - деп хабарлады әкімдік.

Одан басқа бiлiм беру мекемелерi 1200, ПИК төрағалары мен жол құрылысы ұйымдары 600 түп көшет ектi,  6 бригада жұмыс iстеуде, 2-уi — ескi ағаштарды отап, отырғызатын жаңа орындар әзiрлеуде, 4 бригада ағаш егуге жұмылдырылған.

Өткен жылы Петропавл қаласына 300 қарағай отырғызылғанын атап айтқан жөн. Биыл облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша 7500 көшет жоспарланса, оның 200-i отырғызылды. Бұдан басқа, көгалдандыру аясында жанды қоршау сияқты сегмент жасалады

Бүгiн қаладағы жанды қоршаудың ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Негiзiнен олар алма ағашы мен оның жабайы түрлерiнен жасалады. Оған ұсақ жұмсақ жапырақты өскiндер пайдаланылады. Барлығы 25 шақырымға 2 қатарды құрайтын қоршау жасау жоспарлануда, оның бiр шаршы метрiне шамамен 7 түп отырғызылады.

16 мың шаршы метр аумақта гүлзар жасау үшiн жеке жұмыс жүргiзiледi. Биыл егiлетiн аумақ 4 мың шаршы метрге көбейiп отыр. Бозқырау түспесе, гүлдер 9 мамырға қарай егiледi.

1 мамырға қарай ПИК-тер үйлер мен аула аумақтарын абаттандыру қажеттiгiн еске салды.

 




Яндекс.Метрика