Басқару

ҚР МСМ Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құруда

Астанада ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Сәуір , 17:31

«Елбасы мақаласында кез-келген экономикалық жаңғырту ұлттық-мәдени тамырсыз алға жылжымайтындығын нақты атап көрсетеді. Ертеңгі күннің ерекшелігі адамның бәсекеге қабылеттілігі ұлты жетістігінің себебіне айналуында», - делінген хабарламада.

Министр атап өткендей, Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың алты бағытын атап көрсетеді: қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер» бағдарламасы,  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет. Мәдениет және спорт министрлігі осы жобаларды жүзеге асыруда негізгі орындаушы әрі үйлестірушісі болып табылады.  Әр жоба бойынша арнайы жұмыс топтары құрылуда.

Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына тоқталған А. Мұхамедиұлы көшіру мерзімдері анықталғанын атап өтті.  Бұл жерде білім саласында жаһандық бәсекеге қабылеттілікке бейімделген кадрларды даярлау мен әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару бойынша Білім және ғылым министрлігімен ортақ жұмыстар жоспарланған.  Тілдерді дамыту жөніндегі комитеті алдында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесін жалпыхалықтық талқылау үшін ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұр. 

Министр атап өткендей, министрліктің ауқымды жобасы заманауи қазақстандық мәдениетті әлемге таныту болады.

«Бұл үздік ұлттық мәдениет туындыларын таңдап алу ғана емес, оны шетелде кеңінен таныстырудан тұратын күрделі әрі еңбекті көп қажет ететін іс. Бұл үлкен аударма қызметі және кітап, кино, пьесалар, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар сияқты мәдени жетістіктерді таныстырудың арнайы әдістері» - деп атап өтті ведомства басшысы. «Бұл сындарлы әрі берекелі іс. Ағымдағы жыл алдағы 5-7 жыл ішінде әлемге не таныстырғымыз келетіндігімізді анықтайтын шешуші кезең».   

Бұл жерде Жазушылар одағы, Ғылым академиялары, университеттер мен қоғамдық ұйымдардың рөлі маңызды.

Ведомства басшысы қоғамдық сананы жаңғыртудың тиімділігі мен қарқыны байланысты болғандықтан, сала қызметкерлерін үздік жетістіктерге ашық болуға шақырды.

 




Яндекс.Метрика