Экология

Қарағанды облысында сафари-парктің аналогы жасалады

Қарағанды облысында табиғи ортада дала жануарларын көруге болатын парк ашылады. Осы ретте «Бұйратау» ұлттық паркінде тиісті аумақ абаттандырылып жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды18 Сәуір , 09:12

«Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі. Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің бағыты жасалуда. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылады» - деді «Бұйратау» ұлттық паркінің туризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева.

Келушілер бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, як, марал, сұр тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынған.  

Бүгінде «Бұйратау» қорығына арнайы билет сатып алып кіруге немесе бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі.

Қорық аймағында бір тәулік болғаны үшін бір адам бір мың теңге төлейді.  Демалушылар паркті аралауға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп, шатырдан қалашық орнатып, Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетерлік жайт, ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.




Яндекс.Метрика