Экология

Балқаш көлінен балық аулауға мамыр айының соңына дейін тыйым салынды

Қарағанды облысындағы Балқаш көлінен балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды18 Сәуір , 08:43

"1 мамырдан 1 маусымға дейін аймақтағы су қойымаларында тұқы мен сазан аулауға болмайды. Мұнымен қоса, 15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға болмайды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, тыйым 1 маусымға дейін күшінде болады. Бір жарым айдың ішінде көл арқала уылдырық шашатын балықтар өтеді. Осы уақыттың ішінде белсенділер көлді балық аулайтын торлардан тазартуды жоспарлап отыр.

 




Яндекс.Метрика