Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қызылорда облысында жыл басынан бері 18 ШОБ субъектісіне қолдау көрсетілді

Қызылорда облысында жыл басынан несие пайызын субсидиялауға Қызылорда облысының 18 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қол жеткізді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Қызылорда17 Сәуір , 19:48

Аймақтық Үйлестіру Кеңесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теңге болатын 20 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлер несие берешегі бойынша шығындарын азайтуға мүмкіндік алды. Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал бөлшек кепілдендіру құралы аясында жалпы құны 140 млн.теңгені құрайтын 13 жобаны қолдады. «Даму» Қорының қолдауы нәтижесінде кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерлер өз бизнесін қайта жаңғырту мен дамытуға екінші деңгейлі банктерден несие қаражатын тартуға мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының  кеңесшілері тарапынан ЕДБ қаржыландыруға өтініш беріп үлгерген шағын және орта бизнес субъектілеріне 17 бизнес-жоспар әзірленді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында тегін кеңестік қолдауға 1470 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер жүгінген. КҚКО білікті кеңесшілерінің көмегімен кеңес алуға келген 52 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, өз істерін бастаса,10 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерінде несие қаражатын рәсімдеп, өз бизнестерін дамытты.  

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 38 қатысушы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында кәсіпкерліктің негізі бойынша тегін оқудан өтіп, экспресс-курсты сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификатқа ие болды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алу механизмін таныстыру және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысуға кәсіпкерлерді тарту мақсатында «Даму» Қорының филиалы тарапынан 70-тен аса ақпараттық-түсіндірме семинар өткізілді.

2017 жылдың 1 тоқсанында орын алған басты жаңалық – «Даму» Қоры мен Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 млрд.теңге бөлінді. Аймақтық бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы 8,5% үстемемен үлестірілетін болады.




Яндекс.Метрика