2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан - 2050» қозғалысы 40-тан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы өткен төрт жылдың ішінде 1 милионға жуық азаматты немесе әр 17-ші қазақстандықты қамтыған 40-тан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы «Қазақстан-2050» қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев хабарлады.
Астана қаласы17 Сәуір , 16:54

«Бүгінгі таңда қозғалыс он мыңнан аса қазақстандықтарды біріктіре алған прогрессивті азаматтық бастамалардың хабы. Қазірдің өзінде ұйымның белсенділер саны 12 000-нан асады. Қозғалыс еліміздің дамуына жүйелі үлес қоса алатын жаңа буын өкілдерінен, жоғары дәрежелі мамандардан тұрады», - деді М. Манкеев.

Сонымен қатар, ол 2017 жылға арналған жоспармен бөлісті.

«Биыл Қозғалыс аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде «Жасыл сабақ», «Инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы», «Зияткер ұрпақ», «Қоғамдық шеберханалар», «Краудсорсинг», «Solicitous Oil Worker»,  «Ұжымдық еріктілік» және «Корпоративтік оқыту бағдарламасы». Қозғалыс жобалары ойлау қабілетінің трансформациялануына, адамдардың мінез-құлық моделінің өзгеруіне және азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалын тигізетін шара кешендерінен тұрады», - деп ағынан жыралды М. Манкеев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика