«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2017 жылы 1,2 мыңнан астам ақтөбелік қоныс тойын тойлайды

Ақтөбеде 2017 жылы ҚТҚЖБ-нің 1,2 мың салымшысы қоныс тойын тойлайтын болады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Ақтөбе17 Сәуір , 17:28

Қазіргі таңда Ақтөбеде «ҚТҚЖБ» АҚ салымшылары үшін 1278 пәтерлік тоғыз қабатты алты үй тұрғызылуда. Үйлерді 2017 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2017 жылдың соңына дейін салымшылар кілттерін қолдарына алып, пәтерлеріне қоныстана алады.

«ҚТҚЖБ»АҚ АОФ директоры Бауыржан Жуаспаевтың айтуынша, баспананың 1 шаршы метрі - 100 000 – 110 000 мың теңгені құрайды.

Аталмыш нысандар өңірде инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы биліктің желісі бойынша салынуда.

Бұл дегеніңіз, шаршы метрі тек салымшылар арасында ғана емес, әкімдікте кезекте тұрғандар арасында да 50 де 50 қағидасы бойынша жүзеге асырылмақ.

Айта кету керек, коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспанаға мұқтаж азаматтар сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің де салымшысы болуы қажет. Сонымен бірге, ҚТҚЖБ-де салымды тегін ашу мүмкіндігі қарастырылған.

 

 




Яндекс.Метрика