АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Сайрам ауданы қазақстандық нарыққа жылына 11 мың тонна ет жеткізеді

Сайрам қазақстандық нарыққа жылына 11 мың тонна ет жеткізеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область17 Сәуір , 20:43

200  мыңнан астам халқы бар Сайрам ауданы тұрғындарының басым бөлігі мал және көкөніс шаруашылығымен айналысады. Аудандағы 172 мал бордақылау алаңдарында бүгінде 28 мың бас ірі қара мал бордақылануда. Ал аталған алаңдарда жылына екі рет ірі мүйізді мал бордақыланады. Осылайша, аудандағы 16  бекетте  65 мыңдай мал сойылып, 11 мың тоннадан астам ет Қазақстан нарығына шығарылып келеді.

Осындай ірі мал бордақылау алаңдарының бірі Манкент ауылдық округіндегі «Курвантай Ата» ЖШС-гі. 2014 жылы жұмысын бастаған шаруа қожалық жылына 300 тоннадан астам ет өндіреді. 2015 жылы мал бордақылау кешенінің құрылысын толық аяқтап,  1 мезетте 700 мал басын бордақылауға қол жеткізді. 

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған серіктестік өндірілген мал етін Шымкент, Алматы, Байқоңыр, Қызылорда қалаларына саудаға шығарады.

Одан бөлек, ауданда  10-15 бастық 400-ге жуық шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс істесе,  сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық  78 жанұялық сүт аулалары құрылды.




Яндекс.Метрика