Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ЭКСПО-2017 көрмесінде екі ірі іс-шара өткізеді

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі кезеңінде Энергетиканы тұрақты дамыту жөніндегі VIII халықаралық форум және Энергетика мәселелері жөніндегі министрлік отырысы өткізіледі, деп хабарлады ҚР СІМ.
Астана қаласы 17 Сәуір, 16:34

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ бес Өңірлік комиссиясының өкілдері БҰҰ дипломатиялық корпусы үшін бірлескен брифинг ұйымдастырды, оның тақырыбы -  Энергетиканы тұрақты дамыту жөніндегі VIII халықаралық форумға және Энергетика мәселелері жөніндегі министрлік отырысыны дайындық. «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы барысында өткізуге жоспарланған осы іс-шаралар энергияны тұрақты өндіру және тұтыну саласындағы іс-қимыл жоспарын құрайды.

Энергетика жаһандық экономиканың ұлттық дамуы мен өсуіне ықпал етеді және 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ саммитінде әлемдік көшбасшылар келіскен 17 орнықты даму мақсатының (ОДМ) негізін құрайды. Осыған орай, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергияның өндірілуі мен тұтынылуын арттыру жөніндегі міндеттемелер климаттың өзгеруіне төзімділікке, экономикалық өсуге және кедейлік ауқымдарын қысқартуға ықпал ететін болады.

Қ. Омаров алдағы іс-шаралар – Халықаралық форум және Энергетика мәселелері жөніндегі министрлік отырысы Қазақстанның БҰҰ бес Өңірлік комиссиясымен, БҰҰ Даму бағдарламасымен, Халықаралық энергетика агенттігімен, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен, Жаңартылатын энегия көздері жөніндегі халықаралық агенттікпен, Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ Өнеркәсіптік даму жөніндегі мекемесімен, Энергия тиімділігі жөніндегі Копенгаген орталығымен және ХХІ ғасырдағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясат қоғамымен ынтымақтастықта ұйымдастырылатынын атап өтті.

Тұрақты даму үшін энергетика мәселелері жөніндегі сегізінші халықаралық форум алғаш рет министрлік отырысымен біріктіріледі, бұл Қазақстанның энергетика саласындағы саяси шешімдерді қабылдау үшін жауапты негізгі қызметкерлер арасындағы үйлестіру жұмысын арттыру бойынша күш салуын көрсетеді. 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімін жүзеге асыруда энергетика секторы қандай үлесін қосатыны туралы пікір алмасу үшін Министрлік отырысына министрлер, басқа лауазымды адамдар, энергетика саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, іскерлік топтардың, қаржы секторы мен азаматтық қоғам өкілдері қатысады. 





Яндекс.Метрика