EXPO-2017

Астанада кардиохирургтердің әлемдік конгресі өтеді

1-3 қыркүйек күндері Астанада Бүкіләлемдік Кардиоваскулярлы және Торакалды Хириргтер Қауымдастығының 27-нші "WSCTS-2017" конгресі өтеді, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Сәуір , 16:12

Жыл сайын WSCTS ұйымдастырушы комитеті келесі үш жылға конгрестің өткізу орнын дауысқа салу арқылы таңдап отырады.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан - посткеңестік кеңістігіндегі WSCTS Конгресін қабылдап отырған алғашқы ел. 

Конгресс әлемнің 50 елінен келетін 1000 астам кәсіпқой маманның басын қосатын ауқымды алаңға айналады. Қатысушыларды қызу пікірталастар, дүниежүзінің 50 жетекші кардиоторакалды хирургтің мастер-класстары және дәрістері күтуде.

 

 




Яндекс.Метрика