Өңірлер

ШҚО-ның өнеркәсіп кәсіпорындары 350,3 млрд теңгенің өнімін шығарды

ШҚО-ның өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 350,3 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 6,6%-ды құрайды, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Шығыс Қазақстан17 Сәуір , 17:56

Өнеркәсіп өндірісі нақты көлем индексінің көрсеткіші 2016 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейге қатысты алғанда 105,3%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (81,2%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 9,4%-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 8,5%-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 0,9%-ды құрады.

«2017 жылғы қаңтар-наурызда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 33,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 6,9%-ға жоғары. Түсті металл кендерін өндіру көлемі – 4,7%-ға, табиғи газ өндіру – 18,7%-ға, көмір және лигнит – 37,6%-ға артты, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өсу 25,9%-ды құрады», - делінген хабарламада.

2017 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде 284,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,8%-ды құрады. Едәуір өсу автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасауда – 7,1 есе, электр жабдықтарын жасауда – 32,1%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде – 20,87%-ға, резеңке және пластмасс бұйымдарын өндіруде – 14,4%-ға, ағаштан және тоздан жасалған өнімдер өндіруде – 27,2%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 56,9%-ға, металлургия өнеркәсібінде – 7,4%-ға белгіленді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 29,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, нақты көлем индексі 102,3%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және бөлуде – 5,1%-ға өсуі белгіленді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 6,0%-ға жоғары. Кәріз жүйесіндегі қызметтер – 1,3%-ға, суды жинау, өндеу және бөлу – 3,4%-ға, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою – 8,8%-ға,  топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерде – 21,6 есеге артты.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты бұрынғысынша облыс орталығы алады (өндірістің облыстық көлемінің 64,3%-ы), Семей қаласында өнім көлемінің 9,7%-ы, Риддер қаласында – 8,9%-ы, Шемонаиха ауданында 3,5%-ы, Аягөз ауданында 3,2%-ы, Бородулиха ауданында 2,6%-ы, Глубокое ауданында – 2,1%-ы, Ұлан ауданында-2,1%-ы өндірілді.




Яндекс.Метрика