ҚР Президентінің Жолдауы

ШҚО-ның 47 мыңға жуық тұрғыны жұмыспен қамтылды

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының 47 мыңға жуық тұрғынына жұмысқа орналасу үшін көмек көрсетілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан17 Сәуір , 12:54

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (29,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (17,3 мың адам) қатарындағы 46 мың 974 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 80%-ы.

Оның ішінде:

 - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында   іске асырылып жатқан жобаларға 8 мың 925 адам жұмысқа орналасты;

 - әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 мың 363 адам;

 - жастар тәжірибесіне - 1 мың 246 адам;

 - қоғамдық жұмыстарға - 9 мың 138 адам ;

 - кәсіптік оқытуға 2 мың 406 адам жіберілсе, оның ішінде 576 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

 - 19 мың 899 адам мемлекеттің  қолдануысыз жұмысқа орналасты;

 - өздігімен 3 мың 555 адам жұмысқа орналасты.

 Бұдан басқа, 442 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.




Яндекс.Метрика