АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

СҚО-да тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында тоқтап тұрған бiрнеше кәсiпорын iске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Сәуір , 15:43

Сонымен,  өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың ат басын алғаш тіреген нысаны — «Bio operations» ЖШС, яғни бұрынғы «Биохим» зауыты. Бiрегей кәсiпорын 2005 жылы құрылған болатын, содан бiрнеше жылдан берi тоқтап тұрды. Қазiр онда қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Ол «Bio operations» компаниясының инвестициясын тарту есебiнен мүмкiн болып отыр. Қайта жарақтандыру өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Қорытындысында зауыт жаңғыртылды, ендi жыл соңына дейiн оның крахмал мен ақуыз шығаратын бiрiншi желiсiн iске қосу жоспарлануда. Кәсiпорын 2018 жылы толық қуатында iске қосылады. Сол кезде зауытта 220 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Зауыттың технологиялық желiлерiне, инфрақұрылымына тексеру жүргiзiлдi. Содан кейiн жөндеу жұмыстары басталды. 2017 жылдың екiншi жартыжылдығында крахмал мен ақуыз шығаратын өндiрiстi iске қосу жоспарлануда. 2018 жылы — биоэтонол өндiрiсiн. Толық қуатында жұмыс iстеген кезде қайта өңдеу қуаттылығы — тәулiгiне 660 тоннаны құрайтын болады. Сәйкес түрде крахмал, ақуыз, мал шаруашылығына арналған жемазық және биоэтанол дайын өнiм күйiнде шығарылады. Зауытымызда диiрмен цехы, элеватор шаруашылығы, толықтыру қоймалары бар»,- дейдi компанияның бас директоры Жандос Есенбай.

Өңiр басшысы өндiрiстiк ғимараттарды аралап, бiрегей зауыт iске қосылу үшiн барлық шаралар қолданылып жатқанын атап айтты.

«Жыл соңына дейiн өндiрiс орнының iске қосылуы үшiн бiртiндеп жұмыс iстеуге зауыт басшыларымен келiстiк. Бiз үшiн ол өте маңызды, өйткенi астықты тереңдетiп өңдеу — ауыл шаруашылығы жылжуға тиiс бағыт. Бүгiнгi күнi, өкiнiшке қарай, өнiм шығарғанымызбен, тереңдетiп өңдеумен айналыса алмай келемiз. Бұл өндiрiс орнына зор үмiт артылып отыр. Ол — жұмыс орындары, салық, бард түрiндегi қосымша өнiмдер. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама бар. Сол бағдарлама бойынша қосымша қаражат бөлiнедi. Бiздiң басты мақсатымыз — бөлiнген қаражатты дұрыс пайдалану, жақсы өнiм алу және оны жақсы бағамен сату»,- дедi өңiр басшысы.

Сол сияқты Құмар Iргебайұлы осы зауытпен бiрге ауданда жұмыс iстемей тұрған кәсiпорындар iске қосмылуға тиiс екендiгiн атап айтты.

«Осы бiрегей жобаны iске асыруға арналған құрылысқа қомақты қаржы жұмсалды. Орта Азияда теңдесi жоқ ет комбинаты да тоқтап тұр. Бiздiң қазiргi мiндетiмiз — осы компанияның басшыларымен бiрге Қазақстан даму банкiмен жұмыс iстеп, осы жобалар iске қосылу үшiн тағы бiр Жол картасын жасауымыз керек. Бұл- бiз айналысатын бағыт болмақ», — дедi облыс әкiмi.

 




Яндекс.Метрика