Ұлттың денсаулығы

Алматыда «AppleTeam» құрлықтық велокомандасы таныстырылды

Алматыда «Спорттық Алматы» бұқаралық спорт түрін дамыту жөніндегі қалалық бағдарламасы аясында жыл сайынғы веложүгірудің жаңа маусымы ашылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы17 Сәуір , 11:56

Алғашқы веложүгіруге  2 мыңнан астам адам қатысты. Олар жеңімпазды анықтауға болатын нөмірлерді бөліп алды.

Веложүгіру  Әл-Фараби  мен Тәттімбет көшесінің даңғылынан  бастап  Тұңғыш Президент саябағына дейін  жалғасты. Жалпы ара қашықтық 9 шақырымды  құрайды.

Шара аяқталған соң Алматының жаңа құрлықтық  велокомандасы  «AppleTeam» таныстырылды. Аталмыш команда қаланың мәртбесін әртүрлі халықаралық сайыстарда қорғайтын болады. Сондай-ақ,  қонақтар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.  Бас жүлде – электровелосипед. Аталмыш сыйлықты Сергей Жилков ұтып алды.

«Мен аталмыш сыйлықты ұтқаныма  өте қуаныштымын. Күтпеген жерден болды. Ұйымдастырушыларға  алғысымды білдіремін. Енді қалалық веложарыстарға жиі қатысатын боламын. Бүгін мен алғаш рет қатысып отырмын,  бұл шара өте ұнады», - деді С.Жилков.

Айта кетейік, велосипедшілер маусымының ашылуына  танымал қазақстандық спортшылар мен әртістер де қатысты.

Айта кетейік, «Спорттық Алматы»  ауқымды қалалық  бағдарламасы  бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 2016 жылы  аталмыш бағдарлама аясында  21 шараға  19 мың адам қатысты. 




Яндекс.Метрика