Басқару

Жастар Елбасының әрбір тапсырмасын тереңінен түсінуі керек – З.Тұрысбеков

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасы болашаққа бірге қадам жасауды ұсынады, біртұтас, жігерлі ұлт болу үшін рухани жаңғыру қажеттігін түсіндіреді, деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы17 Сәуір , 12:14

«Бұл мәселе өскелең ұрпаққа қатысты. Халық  ішінде  «Бүгінгі сәби – ертең халық» деген сөз бар. Меніңше, жастар қауымы Елбасының әрбір тапсырмасын тереңінен түсінуі керек», - деді З.Тұрысбеков.

Ол айтып өткендей, Президенттің идеяларына міндетті түрде назар аударып, ұғыну керек.

«Білім беру  жалпыға бірдей болу керек. Білім – болашақтағы табыстың ең негізгі  факторы. Жастар басымдығының ең алдында  білім беру болуы керек. Компьютерлік  сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық – жаһандық заманда өмір сүру  жағдайы. Шынайы мақсаттарға қол жеткізу, білімге ден қойып, салауатты өмір салтын ұстану, кәсіби табыс – прагматизм болып табылады», - деді З.Тұрысбеков.

Ол айтып өткендей, бүгінде табысқа  жеке  тұлға емес, бәсекеге қабілетті біртұтас ұлт ретінде жете алады.

«Біздің ұлттық салт-дәсүр мен әдет-ғұрып, әдебиет пен той салты -  ұлттық рух, әрқашан бізбен бірге болуы керек», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика