Басқару

Б. Әйтімова: Еліміздің болашағы үшін баршамыз жауаптымыз

Бүгінде еліміздің болашағы үшін баршамыз жауаптымыз, деді Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдіріп.
Астана қаласы17 Сәуір , 13:47

Б. Әйтімова Үкіметке қазақ тілін латын графикасына көшіруді бастау бойынша ойластырылған әрі жауапты көп еңбек ету керектігін атап өтті.  

«Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы кез келген мемлекеттің негізін қалайтын күшті ұлтты рухани жаңғыртудың үшінші бөлігіне бағытталған. Елбасы рухани өзіндік сана-сезім әсері арқылы барлық қазақстандықтардың ел болашағы үшін жауапкершілігін арттыруды ұсынады», – деді Б. Әйтімова.

Сенатордың айтуынша, қазақ халқының ұлттық сәйкестігін сақтау мәселелері жылдар бойы зиялылар мен жалпы қоғам арасында талқыланып келген. Біздің белгілі әдет-ғұрыптарымыз, ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлеріміз, ауызша музыкалық және поэзиялық шығармаларымыз, тіліміз және ұлт рухының тұрақты негізі біздің рухани мәдениетіміздің негізі болып табылады және болуы тиіс те.

«Өзіңнің туып-өскен жеріңе деген сүйіспеншілік сезімі болмаса, барлық ел мен халықты сүю мүмкін емес. Сондықтан, «Туған жер» атты, ал кейіннен «Туған ел» деп аталып кеткен бағдарлама жастар үшін аса өзекті. Тіл ұлттық сәйкестіктің маңызды құрамдауыштардың бірі, сол себепті де Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында ең жақын уақытта қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіруді дайындау тапсырылады. Мемлекет басшысы мұндай өзгеріс заманауи коммуникациялардың ерекшелігіне және ақпараттандырудың жылдамдығына байланысты екенін атап өткен еді», – деп қосты депутат.

Б. Әйтімова мәдениет, сәулет, білім және туризм туралы заңдарды қайта қарау керектігін нақтылады.  

«Біз қалпына келтіру мен түзетуді қажет ететін барлық мәдени мұра объектілерін анықтауымыз, инфрақұрылым жасап, оны туристер үшін қолжетімді етуіміз керек. Бұл республикалық деңгейдегі 220-дан астам тарихи және мәдени ескерткіштерге ғана емес, сонымен қатар, өңірлердегі мыңдаған объектілерге және көптеген адамдарды қызықтыратын Байқоңыр сияқты ерекше орындарға, қазақтардың материалдық емес мәдени мұрасына және басқаларына да қатысты. Біз, депутаттар, Қазақстан Президенті ұсынған рухани жаңғырудың барлық құндылығын және мақсатқа қол жеткізу үшін баршаны тарту қажеттігін халыққа түсіндірмекпіз», – деп түйіндеді Б. Әйтімова.




Яндекс.Метрика