Халықаралық интеграция

Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесі ашылады (ФОТО)

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады рrimeminister.kz.
Әлемде 17 Сәуір, 09:37

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Bloomberg» компаниясының негізін қалаушы және Нью-Йорк қаласының экс-мэрі М. Блумбергпен кездесу өткізді.

Б. Сағынтаев М. Блумбергпен Қазақстанның қаржы нарығын және «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесудің маңызды нәтижесі Астанада Блумберг телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы келісім болды.

Содан кейін Бақытжан Сағынтаев «GE Transportation» компаниясының бас атқарушы директоры Дж. Миллермен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Айта кетер болсақ, GE Transportation Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытуға, атап айтқанда Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған жобаларында белсенді қатысады, онда компанияның бірегей жабдығы табысты қолданылады.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Autodesk» компаниясының кеңсесіне барып, компания вице-президенті Дэвид Крейнмен кездесті.

Тараптар Қазақстанда Autodesk құзырет орталығын құру мәселесін талқылады, оның аясында BIM (Building Information Modeling – ғимаратты ақпараттық үлгілеу) саласында цифрлық стандарттар енгізілетін болады.

Сонымен қатар, «Autodesk» компаниясымен бірлесіп, қазақстандық жаңа құрылыс материалдарының сапасын анықтау және сертификаттау зертханасы құрылатын болады. Компанияны аралау нәтижелері бойынша «Autodesk» пен «ИТП» ДКҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Microsoft» корпорациясының ұжымдық вице-президенті Д. Левинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компанияның бағдарламалық шешімдерін ҚР-ның шағын жинақты мектептеріне енгізу мәселесі талқыланды.

Осыған дейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-қа Сан-Франциско қаласына жұмыс сапары аясында Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.





Яндекс.Метрика