Басқару

Павлодар облысының тұрғындары Елбасының бағдарламалық мақаласын қолдады

Павлодар облысында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы талқыланды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Павлодар17 Сәуір , 08:46

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов атап өткендей, Ұлт көшбасшысы ұлттық мәдениетті, дәстүрлерді, тіл мен музыканы, әдебиет пен ұлттық рухты сақтау арқылы ұлттық сәйкестігімізді сақтауды басты міндеттердің бірі ретінде айқындады.

«Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмайынша, ешқандай жаңару болмайды. Ол үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткен жылдардың кері тартарлық жақтарынан бас тарту керек. Технологиялық революция алдағы онжылдықтарда бар кәсіптердің жартысы жойылып кету мүмкіндігіне әкеле жатыр. Жастар білімді үнемі бірінші орынға қоюы тиіс. Құндылықтар жүйесінде білімді жоғары қоятын ұлт үлкен табысқа жетеді», - деп мәлімдеді өңір басшысы.

Кездесудің өзге де қатысушылары Мемлекет басшысының мақаласы жайында өз пікірлерін ортаға салды. Қазақстан электролиз зауытының жетекші инженері Руслан Баянов "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасына назар аударды.  

«Алдағы жылдары әлемнің 100 үздік оқулығы әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылмақ. Бұл біздің балаларымыздың үздік әлемдік брендтер бойынша оқуына мүмкіндік береді », - деді ол.

Бағдарламалық мақаланы талқылауға ардагерлер, өнеркәсіп қызметкерлері, ғалымдар, тілшілер және басқалары қатысты. 




Яндекс.Метрика