Білім беру

ҚР Тұңғыш Президенті қоры ОҚО мектебін зертханалық жабдықпен жарақтандырды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры Оңтүстік Қазақстандағы Кентау қаласының Абай атындағы №5 орта мектебінің өкілдеріне 3 млн теңге сомасына зертханалық жабдықтың 19 атауын табыс етті, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Астана қаласы15 Сәуір , 15:06

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар талантты жастарды қолдауға, өңірдегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді талқылады. 

«Мемлекет басшысының өмірі толықтай баршамыз үшін және ең алдымен жастар үшін үлгі. Оңтүстік Қазақстан облысында 800-ге жуық жастар тұратынын ескеру қажет. Облыс халқы 3 млн адамды құрайды, ел аясында бұл үлкен сан. Осы сынды іс-шараларды өткізіп тұру өте маңызды. Мен, өз кезегімде, жастармен мұндай кездесулерді формалды жағдайда ғана емес, басқа уақытта да өткізуді ұсынамын. Ол үшін бізде Қазақстан халқы Ассамблеясының және Жастар ресурстық орталығының ғимараттары бар», - деді Ж. Түймебаев. 

Бұдан бөлек, кездесу барысында Қор басшылығы Кентау қаласының Абай атындағы №5 орта мектеп өкілдеріне 3 млн теңге сомасына зертханалық жабдықтың 19 атауын табыс етті. Айта кетейік, екіжақты кездесу «ҚР Тұңғыш Президенті  - Елбасы қорының күндері» жобасы аясында өткен болатын. Қор тұрақты негізде облыс белсенділерімен және Қазақстанның әр түрлі өңірлеріндегі жоо өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрады. 

Қордың Атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың айтуынша, бүгінде Қор үлкен жұмыс атқарып жатыр.  

«Мемлекет басшысы өзінің жақында жарыққа шыққан бағдарламалық мақаласында бүгінде сананы өзгерту керектігінің өте маңызды екенін айтып кеткен еді. Сананы өзгертпейінше біз алға баса алмаймыз. Біз үшін Мемлекет басшысының айтайын деген ойын жастарға жеткізу маңызды. Біз жастардың гранттар мен стипендиялар берілетін жобалар мен байқауларға қатысқанын қалаймыз. Мен бірлесіп жұмыс істей отыра, жастарымыздың шығармашылық әлеуетін іске асыру жолында үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін», - деді Қ. Жұмабаев. 

Жас ғалымдар кеңесінің және Шығармашыл жастар кеңесінің өкілдері мен Қор лауреаттары Шымкент қаласына сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының жоо жетекші студенттерімен және оқытушыларымен кездесіп, Қордың қызметі мен қолданыстағы бағдарламалары жайында айтып берді. 




Яндекс.Метрика