Басқару

ОҚО әкімі: Президенттің бағдарламалық мақаласының мәнін әрқайсысына жеткізу қажет

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша белсенділер отырысы өтті.
Южно-Казахстанская область15 Сәуір , 13:04

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының жарияланған бағдарламалық мақаласы мемлекеттік идеологияны айқындайтын басты саяси құжат болып табылатынын атап өтті.

«Президент Үшінші жаңғыруда нақты мақсаттар мен міндеттер қойды. Ал Қазақстан халқына Жолдаудың өзінше жалғасы болып табылатын мақала ұлттың рухани жаңғыруына бағытталған. Мемлекет басшысы өз мақаласында радикалды идеологиялар ғасыры енді қайтып келмейтінін мойындау керектігін айтады», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол бүгінде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаты қойылғанын да айтып өтті. Бұдан бөлек, мақаланың екінші бөлімінде әрбір қазақстандыққа нақты міндеттер қойылған.

«Біз осы маңызды бағдарламалық құжаттың мәнін, мақалада көрсетілген маңызды мәселелердің барлығын облыстың әрбір тұрғынына жеткізуіміз керек», - деді Ж. Түймебаев облыс белсенділерімен кездесу кезінде.

Талқылау барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген мәселелерге сүйене отыра, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен саяси тұрақтылыққа барынша күш салынатынын айтты.

Сонымен бірге, өңір басшысы облыс әкімінің орынбасарына және ішкі саясат басқармасына жыл соңына дейін бағдарламалық мақаланы насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды. 




Яндекс.Метрика