Басқару

Жастар ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтеді – депутат

Мен жастардың дұрыс дүниетанымға дағдылану және ғасырлар бойы келе жатқан рухани құндылықтарға тартылу арқылы ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтетініне кәміл сенемін, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдіре отырып.
Астана қаласы15 Сәуір , 16:04

«Мен Ұлт көшбасшысы – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын ризашылықпен жігерлене оқыдым. Мақалада ұлттық кодты ашу, мәдениетті сақтау мәселесі туралы ерекше сөз қозғалған», - деп атап өтті депутат.

Оның ойынша, ұлттық код болмаса, қоғамымыздың дамуы мүмкін емес.

«Шынында да, менің түсінігімде ұлттық код біздің Ұлы да дана ата-бабаларымыз қоршаған ортаға, адамдарға және өздеріне деген сүйіспеншілік сезімін аша отыра, ғасырлар және мыңдаған жылдар бұрын қалыптастырып, өз ұрпағына таратқан  өзіміздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтау, көбейту және байыту арқылы көрінеді. Дәл осы қасиеттер адам бойындағы мораль, адамгершілік, ұят сияқты қасиеттерді туғызып, үйлесімді дамыған, ақылды, сүйетін әрі салауатты адамды қалыптастыра отыра таланттарды, шығармашылықты, қасиеттерді ашады», - дейді Т. Мұқашев.

Ол айтып өткендей, әр адам өзін іштей ұғынып, не істеу керектігін түсінуі керек. Өз бойында адамға тән ең жақсы қасиеттерді оятып, оны өз Отаны – Туған жеріне, туған-туысқандарына, жақындарына, өзінің ұлттық бастауларына деген сүйіспеншілік сезімі арқылы білдіруі керек.

«Бұл жерде жастарға ерекше рөл беріледі – олар біздің болашағымыз, ата-бабаларымыздың ұлттық кодын генетикалық жалғастырушылар. Мен жастардың дұрыс дүниетанымға дағдылану және ғасырлар бойы келе жатқан рухани құндылықтарға тартылу арқылы ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтетініне кәміл сенемін», - деп түйіндеді депутат. 




Яндекс.Метрика