Басқару

Н. Назарбаевтың мақаласы жас ұрпақ үшін аса маңызды – А.Нүкенов

ҚР Президенті Қазақстан халқына дұрыс бағдар берді, Астана жастарымен өткен дөңгелек үстелде ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты өз пікірін осылайша білдірді.
Астана қаласы15 Сәуір , 12:07

«Біз жақында ғана тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік, ал қазір елімізде жаңа әрі оң өзгерістер болғалы отыр. Алдымызда жаңа міндет тұр. Біріншіден, Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқалы жатыр – бұл Үшінші жаңғыру. Екіншіден, елімізде конституциялық реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл қоғамды демократияландыруға бағытталған өте маңызды қадам», - деді вице-министр.  

ҚР Президентінің мақаласы Қазақстан халқына дұрыс бағдар береді. Ол әсіресе жастарға бағытталғандықтан, халқымыздың және ертеңгі күннің игілігіне еңбек ететін жастардың осыны түсінгені ерекше маңызды.

«Әрине, ол үшін жас буын көп әрі қажырлы еңбек етуі тиіс. Президент өз мақаласында айтып өткендей, жаңа үлгідегі жаңғырудың бірінші шарты - өз мәдениетімізді, өзіміздің ұлттық кодымызды сақтау. Шынында да, жаңғыру үздік дәстүрлерді табысты жаңғырудың алғышарты, маңызды талабы етуі тиіс. Мемлекет басшысы айтқандай, ұлттық-мәдени дәстүрлерсіз жаңғыру бос сөз болып қалмақ. Бұл шын мәнінде де солай. Білім баршаға қолжетімді болуы тиіс және біз қоғамымызда орын алып жатқан белгілі бір проблемаларды шешу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек», - деп бөлісті вице-министр. 

Оның айтуынша, ең басты міндет – кезең-кезеңмен, яғни эволюциялық жолмен даму. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика