Халықаралық интеграция

Ислам банкі Қазақстанның 8 су құбырының құрылысына жәрдемдеспек

Ислам даму банкінің өкілдері үлкен миссиямен Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Астана қаласы15 Сәуір , 10:34

600 мың га алаңында ирригация мен кәрізді қалпына келтіру бөліміндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті қаржыландыру көздерін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бірінші кезеңде екі халықаралық банктің Ислам даму банкі мен Еуропалық даму банктерінің қарыздарын тарту жоспарлануда. Осы банктердің есебінен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 135 мың га қалпына келтіріледі және Оңтүстік Қазақстан облысында 101 мың га алаңдағы жердің жай-күйі жақсартылатын болады.

Ағымдағы жылдың 17-23 сәуір аралығында Қазақстанға Ислам даму банкінің комиссиясы келеді. Олар ирригация мен кәріз бойынша бірінші қарыздың пысықталуын аяқтауға, қол қояр алдында құжаттарды соңына дейін жеткізуге тиіс.

Әрі қарай Ислам даму банкінің несиелері есебінен Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 8 топтық су құбырдың құрылысын, сондай-ақ Қызылорда қаласының арық суландыру жүйесін аяқтау жоспарлануда.

Жобаны орындау шеңберінде су көздеріне қосу, 200 мыңға жуық адамды (с.і. Қызылорда облысы – 115 мың адам, СҚО 85 мың адам) сапасы жоғары ауыз сумен 24 сағат бойы қамтамасыз ету, 103 ауылдық елді мекеннің сумен жабдықталуын жақсарту көзделген.




Яндекс.Метрика