Басқару

Әлемдік кеңістікке қазақ тілін енгізу қажет – сарапшы

Әлемдік кеңістікке қазақ тілін енгізу қажет, деп ағынан жарылды Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатіысты білдірген пікірінде.
Астана қаласы15 Сәуір , 10:02

«Латыншаға көшу – уақыт талабы, Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей XXI ғасыр талабы. Мемлекет басшысының 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастау туралы саяси  шешімі 2012 жылы қабылданған болатын. Енді Үкімет осы жылдың аяғына дейін ортақ әліпбиді  бекітуі керек.Бүгінде біздің ғалымдар, оның ішінде А.Байтұрсынов атындағы тілтану институтының ұстаздары жаңа «әліпбидің» өз нұсқасын дайындауда», - деп еске салды ол.

Оның пайымынша, нұсқалар көп болған сайын таңдауда көп болады.

«Менің ойымша, жаңа әліпби бекітілгеннен кейін ұстаздарды қайта даярлау жұмыстарын бастап кетуге болады және бастауыш сыныптарда эксперименттік тұрғыда қазақ тілімен қатар енгізуге болады», - деді қор директоры.

Ол атап өткендей, латыншаға көшуде психологиялық дайындықта өте маңызды, себебі 2025 жылы латын әліпбиіне көшкен кезде халық абдырап қалмауы керек. Біраз уақыт өткен соң жастар, аталмыш эксперименттік сыныптың балалары латыншаны жетік меңеріп алады. Қалған халық психологиялық тұрғыда үйренісе беруі үшін жаңа әліпби бекітілгеннен кейін көше, дүкен, мейрамхана атауларын, жарнаманы және т.б. латынша жазып шығару керек.

«Менің ойымша латыншаға көшу қазақ тілін үйренуге оң әсерін тигізеді. Соңғы мәліметтер бойынша ел азаматтарының 82 пайызға жуығы қазақ тілін меңгерген, ал әр екінші жас ағылшын тілін біледі. Енді осы екі тілдің әліпбиі бір-біріне ұқсағанда жаңа графиканы жастар оп-оңай меңгеріп кетеді», - деп түсіндірді сарапшы.

Ол атап өткендей, жастар онсызда ешқандай технологиясыз латынша  өзара араласады, ендігі кезекте оны үйрену қызықты болатын болады.

«Менің ойымша, латыншаға ауысқаннан кейін шетелде тұратын қандастарымызбен ділдік бірлігіміз арта түседі. Бүгінде Қазақстаннан тыс шетелде бес миллионға жуық қандасымыз тұрады. Екіншіден Елбасының бастамасымен елімізде үштілді білім беру жүзеге асырыла бастады. Енді латыншаға көшкеннен кейін ағылшын тілін меңгеру тіптен оңай болады. Латыншаға көшудің тағы бір аргументі – қазақ тілін әлем кеңістігіне енгізу қажет. Бұл бізге әлем елдерімен араласуымызды жеңілдетіп, халықаралық деңгейде білім беру мен ғылым саласына өз үлесімізді қосуға жол ашады. Алайда, менің ойымша мемлекетіміздің латыншаға ауысуы кезең кезеңімен жүзеге асырылу керек», - деп атап өтті А. Шауеев.

Қазіргі таңда біздің қор Soyle.kz  онлайн курстары арқылы орыс тілділерге қазақ тілін, қазақ тілділерге орыс тілін үйретеді.

«Латын әліпбиі бекітілгеннен кейін Soyle.kz  порталының ағылшын-латын нұсқасын іске қосқымыз келеді. Себебі бізге сайттын дәл осындай нұсқасын қосуды сұрап шетелдегі отандастарымыз көп қолқа салады. Оқудың жұмыс тілі ағылшын тілі болады, ал қазақша нұсқаны латынша жасауды көздеп отырмыз. Сонда халықты ағылшын тіліне де, латын әліпбиіне де үйретеміз», - деп түйіндеді сарапшы. 




Яндекс.Метрика