АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АӨК-тегі жаңа субсидиялау қағидалары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың 8 қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Астана қаласы14 Сәуір , 17:39

Вице-министрдің айтуынша, барлық қағидалар қолданысқа ене бастады. Ол қағидалардың жобалары бекітілмес бұрын әр түрлі алаңдарда қоғаммен, агробизнеспен және өңірлік өкілдермен талқыланғанын атап өтті.

«Министрлік Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 41 ұсыныстың 11-ін қолдады. Олар  жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу есебінен сүт өндіру құнын арзандатуға белгіленген нормативті ұлғайтуға, жұмыс істеп тұрған мал сою пункттерімен қызмет көрсету туралы жалдау шартын қосуға қатысты», - деді Қ. Айтуғанов.

Өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған субсидиялау қағидаларына келетін болсақ, бірінші вице-министр оларға қатысты 19 ұсыныс түсіп, оның алтауы қолдау тапқанын айтты.

«Атап айтқанда, жеке өңдеу өндірісінде өңделген май тұқымдарын субсидиялау бойынша. Бұл ұсыныс қабылданып, қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Тұқым шаруашылығын субсидиялау қағидалары бойынша Қостанай облысының түпнұсқалық және элиталық тұқымдарға субсидиялар беру шарттарынан фунгицидтер алу шартының болуын алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілді. Бұл ұсыныс тыңайтқыштарға қалады, себебі фунгицидтерді пайдалану қажеттігі жыл сайын туындамайды», - деп түсіндірді Қ. Айтуғанов.

Несиелер мен лизинг бойынша сыйақы беру мөлшерлемелерін субсидиялаудың жаңа қағидалары бойынша 45 ұсыныс түсіп, оның редакциялық сипаттағы 7 ұсынысы қабылданды.

«Редакциялық сипаттағы түзетулер қабылданды, қаржы институтының және АӨК субъектісінің өтінім беру жөніндегі ұсыныстары ескерілді. АӨК саласындағы қызметтің басым түрлеріне қойылатын талаптар оңайлатылды», - деп атап өтті Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, артық қалған қаражат инвестициялық субсидиялауға бағытталады, бұл инвесторлар – АӨК субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, 2014-2016 жылдары қабылданған міндеттемелер бойынша субсидиялау жалғасын тапты. Жаңа өтінімдер айналым қаражатын толтыруға бағытталған, қолданыс мерзімі 1 жылға дейінгі жалдау шарттары бойынша ғана қабылданады», - деп түсіндірді АШМ өкілі.

Инвестициялық қосымшалар жанындағы субсидиялау тәртібі  бойынша жалпы 75 ұсыныс түсті, оның 18-і қолданды, 7 ескертпе жартылай қолданды.

«Бұл  облыс әкімдіктерінің  жұмыс органының қарым-қатынасын оңтайландыруға  бағытталған  ұсыныстары. Атап айтсақ,  ОҚО-ның    алаңдарды  өзен-тауар шаруашылығын субсидиялау аясында 100-ден  50 га-ға дейін төмендету, Қостанай облысының сүт тауарлы фермалар үшін бірқатар паспорттарды қуаттылық бойынша енгізу, Қызылорда  облысы әкімдігінің - ет  және сүт  өңдеу  нысандары аясында  модульдік  шағын зауыттарды қосу, Ақтөбе облысының  бордақылау алаңдарын субсидиялау  тәртіптерін қосу, құс өсіру мен омарташылық нысандары туралы  ұсыныстар бар», - деді Қ. Айтуғанов.

Ол айтып өткендей, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мал шаруашылығына паспорт беру аясында субсидиялау шығындарын  қосу ұсынысы қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының арық нысандарын модульдік құрылым аясында субсидиялау ұсынысы қолдау тапты.

Сондай-ақ, ол өткен жылдары инвестициялық субсидиялауға 447,6 млрд теңге бағытталғанын, ол 5,1 мың өтінішті қанағаттандыруға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

«Бұрын-соңды қолданылмаған техникаға бірыңғай әдіс қолдану мақсатында   уақытша  шектеу қарастырылған, оның аясында  техника моральдік тұрғыда шаршамайды», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика