Басқару

Ұлт жетістігі адамның бәсеге қабілеттілігінде – Годунова

ҚР Президенті өзінің бағдарламалық мақаласында елімізде басталып кеткен ауқымды өзгерістер қоғамның озық жаңғыруымен ілесе жүруі тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты өз пікірін «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова білдірді.
Астана қаласы 14 Сәуір, 20:43

«Президент өз мақаласында біз бастаған ауқымды өзгерістер қоғамның озық жаңғыруымен ілесе жүруі тиіс екені туралы айтқан болатын. Осы ретте негізгі тезистердің бірі бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен білімге талпынуға қол жеткізуді білдіреді», - деп атап өтті Н. Годунова.

Оның пікірінше, адамзат техникалық ілгерілеудің арқасында ресурстарға сенуін қойып, тауарлар өндірісі адамдардың негізгі кәсібі болуын тоқтатады.

«Көптеген секторлар бүгіннің өзінде адам еңбегін қажет етпейді. Автоматтандыру, роботтандыру, ең жаңа байланыс құралдары және ақпараттық технологиялар көбірек қолданыла бастады. Адамдар белгілі бір мамандықты иеленіп, сол кәсібі бойынша зейнеткерлік шағына дейін жұмыс істейтін бұрынғы схема артта қалып келеді. Себебі экономикалық жағдай жылдам өзгеріп келеді, жаңа ақпарат көптеп пайда болуда. Алғаш рет әлемдегі ақпарат көлемі 14 ғасыр ішінде екі есе ұлғайса, қазір ол әрбір екі апта сайын көбеюде! Бүгінде «постиндустриялық» экономика немесе «пост-еңбек» экономикасы жайында сөз қозғалып отыр», - деді Н. Годунова.

Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттың табысты болуының факторы минералды ресурстардың болуы емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі туралы сөздерімен толықтай келісетінін айтты.

«Ғалымдар мен сарапшылар тұрақты кәсіп болмайды: адам белгілі бір мамандық аясында үнемі білімін жаңартып отырады, ал жұмыстарын жобалар төңірегінде бірлесе отырып істейтін болады деген пікірлер де айтып жатыр. Ресурстық ойлау дегеніміз не? Ол өзің өндіріп шығарған қандай да бір материалдық нәрсенің бар екенін ойлау образы. Алайда, кез келген өндірілген ресурс, кез келген өндірілген тауар адам ойының өнімі болып табылатынын да түсіну қажет. Басты ресурс – адам, ал басты процесс – мұнай немесе газды жер қойнауынан құбырларға айдау емес, ол адамгершілік, рухани, ғылыми-техникалық даму. Бұл мұнайды маңызды етеді, оны арзандатады, жаңа технологиялар жасайды, мұнайдан жаңа сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді», - деп айтып өтті Н. Годунова.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы, сондай-ақ, Мемлекет басшысы өте маңызды, дұрыс әрі уақтылы міндеттер қойғанын да атап өтті.     

«Адам болмаса, қалғандарының бәрі де өз құндылықтарын жоғалтады. Егер өзімізді өзгертпесек, біздің әлемімізді кім өзгертеді? Егер де біз дамыған елдердің бірі боламыз десек, әрқайсысымыз өзіміздің және еліміздің болашағы үшін қоғамдық сананы жаңғырту идеологиясын қолдап қана қоймай, өзімізді де өзгертуге тиіспіз», - деп түйіндеді Н. Годунова

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика