Халықаралық интеграция

Бішкекте алты елдің басшылары ҰҚШҰ одан ары дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкектегі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде14 Сәуір , 16:37

Кездесуге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері – Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев, Владимр Путин, Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семириков қатысты.

Бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары ұйымды одан ары дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.  

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдер үшін биыл мерейтойлық жыл екенін атап өтті.  

Осыған орай Қазақстан Президенті кездесуге қатысушыларды Шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуымен құттықтап, оның ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің тұтастығын нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласындағы басқа да халықаралық институттармен және ұйымдармен өзара іс-қимылының аясын кеңейту мәселесіне қатысушылар назарын аударды.

Бұдан басқа, ұйым мүшелері қазіргі заманғы өңірлік және жаһандық қатерлермен күрес жолында күш жұмылдыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу соңында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Юрий Григорьевич Хачатуровты ҰҚШҰ-ның бас хатшысы етіп тағайындады.   




Яндекс.Метрика