Басқару

В.Редкокашин: Біз мәдени құндылықтарды жоғалтпау арқылы елімізді сақтаймыз

Біз мәдени құндылықтарды жоғалтпау арқылы елімізді сақтаймыз, деді Парламент Сенатының депутаты Владимир Редкокашин Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты пікірінде.
Астана қаласы14 Сәуір , 19:21

В.Редкокашиннің пікіріне сәйкес,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  мақаласы -  ең алдымен Президент жыл басында айтқан шаралар мен сенаторлар осы жылы қабылдаған  шараларды  логикалық  жалғастыратын стратегиялық құжат болып табылады. Бұл экономика мен саяси өмірді жаңғырту шаралары.

«Рухани жаңғыру туралы мақала  Президент жүктеген тапсырмаларды маңызды етіп қана қоймай, оларды әрбір қазақстандыққа жеткізе түседі. Ол өзі мен отбасы үшін қажетті дүниелерді сезіне түседі», - деді сенатор.

Депутат айтып өткендей, рухани жаңғыруды тек революциялық жолмен емес,  жан дүниені өзгерту, жаңарту арқылы жүзеге асыру керек.

«Өзінің бағдарламалық мақаласында Елбасы  өте түсінікті  тілмен болашаққа ұмтылудың себептерін түсіндірді. Жаһандану бізді өзгертуге, талапқа қарай бейімделуге итермелейді. Екіншіден, жалпы ұлттық бәсеке қабілеттігін ғана емес, әрбір азаматтың дамуына назар аударған. Себебі, ол өмірдегі өз орнын табуы керек. Жұмыс істеп, мақсатқа жету үшін білім керек», - деді сенатор.

Сенатор айтып өткендей, бәсекелестіксіз біз әлемдік даму қауымдастығынан шеттеп қаламыз.

«Сондықтан да Елбасы бұл мәселеге баса назар аударып отыр. Біз барлық әлем үшін әркез ашық болдық. Сондықтан да бар әлем бізді мойындады. Қазақстан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі болып табылады. Біздің ашықтығымыз бен түсінушілігіміздің нәтижесінде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатырмыз», - деді депутат.




Яндекс.Метрика