Евразиялық одақ

Қазақстан мен Молдова Президенттері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысу аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде14 Сәуір , 16:01

Тараптар  Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың   әлеуетті бағыттарын талқылап,  Еуразиялық экономикалық кеңес аясында  өзара қарым-қатынасты алға тартты.

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағдары ретінде  сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары аталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті  И. Додонды  Молдова Республикасының  ЕАЭО бақылаушысы мәртбесін алғанымен құттықтап,  жауапкершілік қызметте  табыс тіледі.

Өз кезегінде, Молдова көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа  ЕАЭО бақылаушы мәртбесін алуда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Кездесу молдовалық тараптың бастамасымен өтті.

 




Яндекс.Метрика